![«Астана» павлодарлық «Ертіс» командасын 1:0 есебімен жеңді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54604.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордадағы «Астана-Арена» стадионында жергілікті «Астана» клубы павлодарлық «Ертіс» командасын қабылдады.
Тартысқа толы өткен ойын алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Гол авторы «Астана» шабуылшысы – Таңат Нөсербаев.
Осылайша ҚПЛ-дың 31-ші турынан кейін «Астана» 43 ұпай еншілеп, көш бастаса, 25 ұпай жинаған «Ертіс» 5-ші орында келеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» павлодарлық «Ертіс» командасын 1:0 есебімен жеңді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104004/)