![Минскіде өтетін қысқаметражды фильмдер фестиваліне өтініштер қабылдау жалғасуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54581.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Халықаралық «Сinema perpetuum mobile» қысқаметражды фильмдер фестивалі 2016 жылдың сәуір айында Минск қаласында өтеді. kinaklub.org тобы ұйымдастыратын шара кинематографиядағы мәңгілік тақырыпты ашуға арналады.
Байқау бағдарламасы бірнеше секциядан тұрады: ойын фильмі, анимация, музыкалық видео, эксперименттік кино және Беларусь фильмдері. Қазылар алқасы әр секция бойынша үздіктерді анықтайды. Сондай-ақ, көрермендердің дауысы бойынша үздік фильмдер іріктеледі.
Байқауға 35 минуттан аспайтын, 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін түсірілген фильмдер қабылданады. Жұмыстардың ағылшын тіліндегі субтитрі болуы тиіс.
Айта кетейік, өтініштер 15 қарашаға дейін қабылданады. Фестивальға қатысу – тегін.
ijnet.org
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Минскіде өтетін қысқаметражды фильмдер фестиваліне өтініштер қабылдау жалғасуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104029/)