![Халықаралық ЭКСПО көрмесінің байрағы Астанға жеткізілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54647.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Байрақты ресми түрде табыстау рәсімі кезінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасы Ахметжан Есімов пен ЭКСПО-2017 бас комиссары Рапиль Жошыбаев ХКБ бас хатшысы Висенте Лоссерталес пен ЭКСПО-2015 бас комиссары Бруно Паскуинодан ЭКСПО байрағын қабылдады.
Бүгін бұл байрақ Астана қаласына жеткізілді.
«Келешек ЭКСПО-ға табысталған байрақты елімізге алып келдік. Бұл жай ғана жалау емес, бұл – еліміздің жаңа табыстарға жетер жолы деп білеміз. Елбасымыз Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейлі 70-ші сессиясында атап өткендей, Қазақстан әлемдегі «жасыл» энергия технологиясын алға жылжытуда бастау бола алады. Біз ұсынып отырған «Болашақ энергиясы» тақырыбы күн санап өз өзектілігін арттыруда»,- деп мәлімдеді «ExpoMilano 2015» бүкіләлемдік көрмесіндегі ҚР ұлттық секциясының Бас комиссары Әнуарбек Мусин.
Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны ретінде Астана 2012 жылдың 22 қарашасында Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) 152-ші Бас Ассамблеясы кезінде ХКБ-ның мүшесі болып табылатын 161 мемлекеттің өкілінің жасырын дауыс беруі барысында таңдалды. Астана өтінішін 103 ел қолдады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халықаралық ЭКСПО көрмесінің байрағы Астанға жеткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104058/)