![Чемпиондар Лигасы. «Астана» клубы өз алаңында «Атлетико Мадрид» командасын қабылдайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54686.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Чемпиондар Лигасының «С» тобында ойнап жатқан елордалық «Астана» футбол клубы бүгін өз алаңында испанияның «Атлетико Мадрид» клубын қабылдайды. Сырт алаңда өткен алғашқы ойында «Астана» клубы испаниялық командадан 4:0 есебімен жеңілген.
3-турдан кейін «Астана» клубы 1 ұпаймен 4-орында келеді. Ал, «Атлетико Мадрид» 6 ұпаймен бірінші орында.
Еске сала кетейік, «Астана Арена» стадионында өтетін матч Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чемпиондар Лигасы. «Астана» клубы өз алаңында «Атлетико Мадрид» командасын қабылдайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104100/)