![Қазақстанда «Қыс-2015» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54707.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
4-6 қараша аралығында Қазақстан Республикасында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбы бойышна «Қыс-2015» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.К.Божко басқарған басшылық штабы Петропавл қаласында орналасатын болады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға әзірлігін арттыру мен ден қою деңгейін тексеру мақсатында өткізіледі.
«Қыс-2015» оқу-жаттығуы барысында барлық республика аумағында ТЖ-ны жою және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде тактикалық-арнайы жаттығулар өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда «Қыс-2015» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104115/)