![БҰҰ: Әлемде 795 миллионнан астам адам асқа жарымай отыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54711.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгінде әлемде 795 млн адам тамаққа жарымай отыр. Климаттың өзгеруі ашыққандар қатарының 2080 жылға қарай тағы 600 миллионға өсуіне әкелмек. Бұл туралы БҰҰ-ның тамақтану құқығы мәселесі бойынша арнайы баяндамашысы Хиляль Эльвер хабарлады.
«Жиілеген және одан да қарқынды экстремалдық ауа райы құбылыстары, жаһандық жылыну, теңіз деңгейінің өсуі, су тасқындары мен құрғақшылық азық-түлікпен қамтамасыз ету мен тамақтану құқығын іске асыруға күрделі әсер етуде», - деп мәлімдеді Хиляль Эльвер.
Ол ғасырдың соңына қарай ауаның орташа температурасының 2-4 градусқа жоғарылауы болжамы - ауылшаруашылық үшін үлкен қауіп екенін атап өтті.
Эксперт соңғы уақытта адамзаттың өз-өзін ауыл шаруашылығын жүргізудің өнеркәсіптік әдістерін кеңейту жолымен тамақтандыра алатыны туралы пікір пайда болғанын атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ: Әлемде 795 миллионнан астам адам асқа жарымай отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104122/)