![Бразилияда дамба жарылып, ондаған адам мерт болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54798.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жайсыз оқиға Минас-Жерайс штатында болды. Байыту өндірісінің қалдықтарынан құралған суды бөгеп тұратын қалдық сақтайтын ғимараттың дамбасы жарылып, оның салдарынан жақын маңда орналасқан Банто ауылы суға батты.
Билік өкілдері 600-ге жуық адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Жергілікті кәсіподақтың алдын ала мәліметтері бойынша, 16 адам мерт болып, 45 адам із-түссіз жоғалып кетті.
Шахта Бразилияның Vale және Австралияның BHP компанияларының Samarco атты кәсіпорнына тиесілі, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бразилияда дамба жарылып, ондаған адам мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104205/)