![Қанат Ислам қарсыласын 1-ші раундта нокаутқа жіберді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54873.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 20-шы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Жерлесіміз Доминикан Республикасының спортшысы Джонатан Батистаны 1-ші раундта нокаутқа жіберді.
Жалпы кәсіпқой рингте 20 жекпе-жек өткізген Қанат Ислам үшін бұл қатарынан 20-шы жеңісі. Оның 17-сінде ол қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Айта кетейік, АҚШ-тың Майами қаласында өткен кездесуден кейін Қанат Ислам тікелей эфирде «Бүгін жексенбі» бағдарламаына сұхбат берді. Сұхбатты мына сілтеме арқылы көруге болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қанат Ислам қарсыласын 1-ші раундта нокаутқа жіберді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104283/)