«Виктория» сарқырамасы туралы не білесіз? (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Виктория» сарқырамасы туралы не білесіз? (ФОТО)

08.11.2015
 «Виктория» сарқырамасы туралы не білесіз? (ФОТО)

Замбези өзеніндегі «Виктория» – әлемдегі ерекше сарқырамалардың бірі. Сондай-ақ, биіктігі – 100 метрден, ұзындығы – километрден асатын жалғыз сарқырама.

Давид Ливингстон  сарқыраманы 1855 жылы алғаш көрген еуропалық  азамат. Ол табиғаттың тылсымына Орталық Африкаға жасаған  екі жылдық саяхаты барысында тап болған.   

Давид Ливингстон  өз патшайымның құрметіне сарқыраманы «Виктория» деп атаған.

Негізінде, бұрын өзен бойында өмір сүретін аңшылар сарқыраманы «Даңғырлақ бу» деп атаса, бергі жағындағылар «Кемпірқосақ мекені» деп атап кеткен.

Сарқырама суы тау етегіне құлағанда  ұсақ бөлшектерге бөлініп, бұлтқа айналып, қайта аспанға көтеріледі екен. Ал, сарқыраманың айналасында үнемі екі әдемі кемпірқосақ тұрады деседі.

«Виктория» сарқырамасы -  өте сирек пайда болатын  айлы кемпірқосақты тамашалауға болатын әлемдегі жалғыз мекен. Ол тек Замбези суы айдың толған кезінде  тасыған сәтте ғана көрінеді.

Мұнда келушілердің көбісі түн кереметін көре алмайды. Тіпті айлы кемпірқосақ 10-15 жылда бір көрінуі мүмкін. Алайда  мұндай сәтті «National Geographic» журналының фотографтары түсіріп үлгерген.

 

 

 

Интернет материалдарынан  

Хабарламаларға жазылу