![«Астана» командасы футболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54875.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін, 8 қарашада, «Астана» футбол клубы өз алаңында «Ақтөбе» командасын 1:0 есебімен ұтып, Қазақстанның екі дүркін чемпионы атағын иеленді.
Тартысты өткен кездесуде тек бір ғана гол салынды. Оның авторы – «Астана» шабуылшысы Жуниор Кабананга (85-ші минут).
Осылайша елордалық «Астана» өткен маусымдағы атағын қорғап қалып, екі дүркін ел чемпионы атанды. Чемпионаттың күміс жүлдесін алматылық «Қайрат» ұтып алса, «Ақтөбе» қола медальға қол жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» командасы футболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104287/)