![Бүгіннен бастап «Балапан» телеарнасынан «Менің ғажайып ертегім» жобасы көрсетіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54886.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгіннен бастап «Менің ғажайып ертегім» жобасы эфирге шығады. Енді кішкентай көрермендер «Айжұлдыз» хабарынан кейін жаңа ертегі тыңдай алады.
«Менің ғажайып ертегім» жобасы ата-аналар жазған ертегілер бойынша жасалған. Хабар барысында эстрада жұлдыздары ертегі оқыса, ал балалар шығарманың оқиға желісі бойынша қойылым көрсетеді.
Айта кетейік, «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналар арасында «Менің сүйікті ертегім» атты ертегілер байқауын жариялаған болатын. Сайыста үздік деп танылған шығармалар «Менің ғажайып ертегім» жинағына енгізілді.
Жинаққа енген ертегілер туралы мына жерден білуге болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгіннен бастап «Балапан» телеарнасынан «Менің ғажайып ертегім» жобасы көрсетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104300/)