![Студенттік фильмдер фестиваліне жұмыстар қабылдау басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54911.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шарт бойынша үміткерлер жобаға ұзақтығы 3-5 минуттық қысқаметражды фильмдерін жолдай алады.
Туындылар деректі фильм, журналистік зерттеу, музыкалық видео немесе анимация түрінде қабылданады. Тақырып: әлем бойынша әйелдер мәселелері мен олардың шешілу жолдары.
Сондай-ақ, фестивальге аналардың денсаулығын қорғау, шағын қаржыландыру саласындағы бастамалар және кедейшілікпен күрес тақырыптары ұсынылады.
Байқаудың жүлде қоры - 20 мың АҚШ доллары. Өтінімдер қабылдау 15 қаңтарға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды ijnet.org.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Студенттік фильмдер фестиваліне жұмыстар қабылдау басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104328/)