![12 қараша – Дүниежүзілік сапа күні](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54975.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл күннің мақсаты – тауарлар мен қызметтердің «жоғары сапасы» деген сөздің мағынасын көтеру. Аталмыш шара жыл сайын әлемнің бірқатар елінде қараша айының екінші аптасында аталып өтеді.
Сапа күнінің негізін БҰҰ-ның қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы қалаған. Дүниежүзілік сапа күні 1990 жылы бекітілген.
Сапа мәселесі – әлемнің жетекші елдерінің экономикасындағы ең өзекті проблемалардың бірі. Еуропалық сапа апталығы сондай-ақ, сапа мәселесіне қоғамның назарын аудартатын түрлі акциялар, жетістіктер мен сапаның Еуропадан тыс аумақтардағы бәсекелестікке қабілеттілігі жағынан да маңызды орын алады.
Себебі, бүгінде сапа – кез келген тауар, кез келген сала және кез келген мемлекет үшін жетістікке жетудің алтын кілті іспеттес.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=12 қараша – Дүниежүзілік сапа күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104392/)