![Бүгін - Евгений Брусиловскийдің туған күні](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54983.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1905 жылы Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. Қазақ музыкасын тереңінен зерттеген композитор 1934 жылы алғаш рет «Қыз Жібек» операсын көпшілікке ұсынды.
1934-1938 жылдары Қазақ музыкалық театрының музыкалық жетекшісі, 1944-1951 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.
Саналы ғұмырында тоғыз опера, екі балет, тоғыз симфония жазды. Қазақтың 250-ден астам ән-күйін жазып алып, 500-ге жуық әндер мен романстарды өмірге әкелді. Оған өнерге сіңірген еңбегі үшін КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
Композитордың шығармашылық жолы туралы толығырақ «Таңшолпанда».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - Евгений Брусиловскийдің туған күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104394/)