![Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» ІІ халықаралық медиа форумы басталды (ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_54994.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанадағы «Қазмедиа орталығында» Қазақстан халқы Ассамблеясның «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» ІІ халықаралық медиа форумы басталды.
Ассамблея жылына орай өтіп жатқан шараның мақсаты – қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылау.
Форум аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «ҚХА 20 жыл: Бір ел – бір тағдыр» жинағының таныстырылымы өтеді.
Сонымен қатар, түрлі тақырыптарда панелдік сессиялар ұйымдастырылып, «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» ІІ халықаралық медиа форумы басталды (ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104405/)