![Майра Илиясова: «Сағындырған әндер-ай» кеші биыл 10-шы рет өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55029.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Гүлнұр Оразымбетова 15 қарашада Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында жеке шығармашылық кешін өткізбек.
Ал, 16 қараша, сағат 19.00-де Майра Илиясованың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Сағындырған әндер-ай» атты ретро ән кеші өтеді. Оған республикаға танымал 75 әнші қатысады.
«Мақсатымыз - ретро әндерді, халық әндерін, халық композиторларының әндерін халыққа сол күйінде бұзбай жеткізу. Бұл - «Сағындырған әндер-айдың» 10 жылдан бері атқарып келе жатқан негізгі миссиясы», дейді Майра Илиясова.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіздер.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Майра Илиясова: «Сағындырған әндер-ай» кеші биыл 10-шы рет өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104439/)