![Елбасы Парижде болған террорлық әрекеттерге байланысты Франция Президентіне көңіл айтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55111.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жеделхатта Париж қаласында жасалған жантүршігерлік әрекеттер салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Қазіргі таңда терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев қасірет құрбандарының туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Франция халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Парижде болған террорлық әрекеттерге байланысты Франция Президентіне көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104501/)