![«Бірге таңдаймыз!». Сырт киімді таңдауда есте ұстауға тиісті қағидалар (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55052.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қыз-келіншектер сырт киім таңдағанда көп ойланады. Ал, ер-азаматтар үшін бұл істе жалғыз ғана қағида бар. Ол - «Сұлуынан жылуы».
Десе де, ерлер сырт киімді таңдауда не нәрсеге мән бергендері жөн?
- Жігіттердің киімі жылулығымен қоса, сәнді болуы керек;
- Қысқы қалың бас киімдерді ыңғайсыз көретін ер-азаматтар капюшонды сырт киімді таңдағандары жөн;
- Көлік айдайтын жігіттер үшін белін жауып тұратын ұзындықтағы киім таңдаған дұрыс. Себебі, көлік іші ыстық болса, сыртқа шыққан жағдайда бірден суық тию қаупі жоғары;
- Таза былғарыдан тігілген киімдерді таңдайтындар үшін пайдалы тұсы - дақ жұқтырып алған жағдайда, сүртіп кетіру жылдам әрі оңай.
Ал, таза құндызды жасандыдан қалай ажыратуға болады? «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасының кеңестері кәдеңізге жарасын!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Бірге таңдаймыз!». Сырт киімді таңдауда есте ұстауға тиісті қағидалар (ВИДЕО) &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104508/)