![Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, сырма жүреді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55128.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
16 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын болып, қар жауады, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады.
Ақмола облысында тұман түсіп, бұрқасын жүріп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей аймағында тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасынмен бірге желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде тұман, бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысында бұрқасын болып, 18 м/с жел соғады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, сырма жүреді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104542/)