![Руслан Мәдиевтің алдағы жекпе-жегі АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55129.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
GGG Promotions қазақстандық боксшысы 23 жасар Руслан Мәдиев (6-0, 3 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 3 желтоқсанда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Меса қаласында өткізеді.
Бұл жекпе-жек 6 раундтан тұрады. Әзірге қазақстандықтың қарсыласы анықталған жоқ, деп хабарланған Қазақстан кәсіби боксының Вконтакте-дегі парақшасында.
Еске салайық, қазақ боксшысы өз мансабында өткізген алты кездесуде алты жеңіске қол жеткізді. Оның үшеуі нокаутпен аяқталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Руслан Мәдиевтің алдағы жекпе-жегі АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104543/)