Нұржамал Үсенбаева: Адамның ішкі дүниесі сәулелі болғаны дұрыс (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұржамал Үсенбаева: Адамның ішкі дүниесі сәулелі болғаны дұрыс (ВИДЕО)

16.11.2015
Нұржамал Үсенбаева: Адамның ішкі дүниесі сәулелі болғаны дұрыс (ВИДЕО)

«Театрымыздың жаңа маусымы басталды. Жуырда Бизенің «Искатели жемчуга» операсындағы Лейланың партиясын орындадым.  Ай сайын біздің театрда опера-спектакльдер өтуде. Алайда, қазіргі мақсатым – Чехия,  Австриядағы жеке концерттерім.  Қазір соған дайындалып жүрмін».

«Маған адамның рухани дүниесі маңызды. Адамда тек жақсы ой болуы керек.  Адамның ішкі дүниесі сәулелі болғаны абзал. Өмірге деген құштарлық сонда артады».

«Ізгі арманым – отбасымның амандығы, сүйікті жұмысымның болуы. Алайда, қазір немерелерімнің тәрбиесіне көп көңіл бөле алмай жүрмін. Дегенмен, халық алдында жүргенім, халықтың маған деген құрметі – осының бәрі тәрбиеге жатады деп білемін».

Халық әртісінің әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу