![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55162.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
21 қараша күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан ҚР Кубогының финалы өтеді.
ҚР Кубогын жергілікті «Астана» мен алматылық «Қайрат» сарапқа салады.
Бұл кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сенбі, 21 қарашада, сағат 14:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, «Астана» футбол клубы биылғы маусымда Қазақстан Премьер Лигасында топ жарса, «Қайрат» 2-ші орынға тұрақтаған.
Финалдық матчқа түркиялық Джүнейт Чакыр төрелік етеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104575/)