![Ауа райы: Алдағы күндері еліміздің солтүстік аймақтарында қатты суық болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55264.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сібірдің солтүстігіндегі өте мықты суық антициклонның ықпалы республиканың солтүстік аймағында нағыз қысқа тән суықты алып келді.
Міне, бірнеше күннен бері ауа температурасы бұл аймақтарда климаттық нормадан 5-10 градусқа төмен болып отыр.
19-21 қараша аралығында, антициклон күшейе түсіп, ауа температурасы одан сайын төмендейді. Кейбір жерлерде -28, -31 градус аяз болады.
Алдағы күндері Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон еліміздің оңтүстік өңірлеріне қарай жылжи түседі.
Ол жауын-шашын мен ылғалды қардың жауына ықпал етеді.
Бұл аймақта ауа температурасы нормадан 2-4 градус төмен болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Алдағы күндері еліміздің солтүстік аймақтарында қатты суық болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104671/)