![Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55325.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең, 21 қараша күні елордалық «Астана-Арена» стадионында футболдан ҚР Кубогының финалы өтеді.
Маусымның соңғы матчында жергілікті «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездеседі.
Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 14:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, «Астана» футбол клубы биылғы маусымда Қазақстан Премьер Лигасында топ жарса, «Қайрат» 2-ші орынға тұрақтаған. Ал, осы жылы командалар 5 рет кездескен. Оның 3-інде елордалық клуб жеңіске жетсе, 2 рет «Қайрат» басым түскен.
Екі клуб «Астана-Арена» стадионында 10 матч өткізген. Астаналықтар соның 4-ін ұтса, алматылықтар 2 рет жеңген және 4 тең ойын тіркелген. Соғылған голдар саны 20-11.
Ал, жалпы командалар бір-бірімен 19 рет кездескен. «Астананың» еншісінде 10 жеңіс бар. «Қайрат» 3 рет ұтып, 6 ойын тең есеппен аяқталған. Соғылған голдар бойынша Станимир Стойлов шәкірттері алда – 35-21. Осыған қоса, олар екі команда арасындағы ең ірі жеңісті тойлаған (2011 жыл, есеп – 6:1).
Сонымен қатар, финалдық матчқа түркиялық Джүнейт Чакыр төрелік етеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирді 14:00-ден бастайды. Көрермендер үшін матч алдында арнайы студиядан хабар ұйымдастырылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104721/)