![«Қайрат» футбол командасы 2015 жылғы ҚР Кубогының иегері атанды (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55347.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордалық «Астана-Арена» стадионында футболдан ҚР Кубогының финалы аяқталды. Маусымның соңғы матчында жергілікті «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездесті.
Тартысты өткен ойында «Қайрат» 1:2 есебімен жеңіске жетіп, 2015 жылғы ҚР Кубогын иеленді.
Матчта алғашқы голды «Астана» шабуылшысы Патрик Твумаси (28-ші минут) соғып, алаң иелерін алға шығарған еді. Алайда, 2-ші таймнан кейін Джордже Деспотович дубль жасап, командасына жеңіс әкелді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қайрат» футбол командасы 2015 жылғы ҚР Кубогының иегері атанды (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104739/)