![Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55349.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
23 қараша күні еліміздің көптеген бөліктерінде фронтальды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ел өңірлерінің кей жерлерінде көбінесе қар жауып, бұрқасын болады, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейді. Тек оңтүстікте және батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын соғады.
Қостанай облысының кей аудандарында жел 17-22 м/с күшейіп, бұрқасын және көктайғақ болады. Жамбыл, Батыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман сақталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104761/)