![«Air Astana» әуе компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігетіні жөнінде хабарлады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55358.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Air Astana» әуе компаниясы Твиттердегі ресми аккаунтінде ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігетіні жөнінде хабарлады.
«Шымкент, Өскемен, Орал және Қостанай қалаларындағы кей рейстер ауа райының қолайсыздығы салдарынан кешігіп жатыр», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, компанияда рейстердің мәртебесін «Air Astana-ның» ресми сайтында немесе ұялы қосымшадан тексеру ұсынылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Air Astana» әуе компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігетіні жөнінде хабарлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104771/)