![Қазгидромет: Қазақстанда күн жылынып келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55372.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тропосферадағы ауа массаларының батыстан шығысқа бет алуы Қазақстаның солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай жылынуына ықпал етіп отыр.
Өткен аптада ауа температурасы нормадан 8-13 градусқа төмен болып, түнгі температура 30 градус аязға дейін барса, аладағы 3 күнде Атлантикадан келген жылы ауаның әсерінен республиканың барлық аймағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 3-10 градусқа жылы болады.
Бұл ретте еліміздің көптеген облыстарында ауа райы бұлыңғыр болып, кей жерлерде жауын жауып, қар түсуі де мүмкін. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана Сібір антициклонының ықпалымен күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Түнгі және таңғы уақыттар тұман түседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазгидромет: Қазақстанда күн жылынып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104785/)