![Әнші Бейбіт Қорған - «Таңшолпан» студиясында қонақта](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55375.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Әлеуметтік желілерде тыңдармандар тарапынан «көрінбей кеттің», деген сауалдар жиі қойылуда. Астана қаласына қоныс аударып, тіршілігіне енді-енді үйреніп жатырмын. Сол себепті әзірге шығармашылығымда айтарлықтай жаңалық жоқ. Есеп беру кешін өткізу, аймақтарды аралау - жоспардағы дүниелер», дейді әнші.
Әншінің Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған Қалдыбек Құрманәлиевтің «Жайықтың толқындары» әніне түсірген бейнебаяны тыңдармандар тарапынан жоғары бағаға ие болып отыр.
«Бұл - туған жерге, туған елге деген сағыныштың, құрметтің белгісі ретінде түсірілген туынды».
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әнші Бейбіт Қорған - «Таңшолпан» студиясында қонақта&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104788/)