![Ауа райы: Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55390.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстанның үш облысында жолдардың жабылғаны жөнінде хабарлады.
Осылайша, Ақмола облысында бүгін, 25 қарашада, ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты «Көкшетау-Петропавл» (304-341 км), «Көкшетау-Рузаевка» (0-61 км), «Көкшетау-Омбы» (2-50 км), «Көкшетау-Щучинск» (247-293 км), «Көкшетау-Атбасар» (0-184км) жолдарындағы учаскелер көліктердің барлық түрі үшін жабылды.
Ақтөбе облысында көктайғақ салдарынан «Ақтөбе-Орск» (39-135 км) жолы көліктердің барлық түрі үшін жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты көліктердің барлық түрі үшін барлық бағыттар бойынша жол жүруіне уақытша шектеу қойылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104802/)