![«Балапан» телеарнасы «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысын көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55424.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Балапан» телеарнасы мектеп жасындағы балалар арасында өткен «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысын көрсетеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын байқауда биыл 1 орынды «Көңілді көшпенділер» жайдарман тобы иеленді.
Ал, 2-ші орынды «Осал емес» тобы алса, 3-ші орын «Қамажай» жайдарман тобына бұйырды.
Бүлдіршіндерден құралған командалар қандай әзіл айтады?
Кішкентай «жайдарманшылардың» өнерін «Балапан» телеарнасынан тамашалай аласыңдар.
«Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы 28 қараша күні сағат 20:00-де эфирге шығады.
ФОТО: jaidarman.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Балапан» телеарнасы «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысын көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104830/)