![Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55429.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасы сапынан ерлер арасында 94 келі салмақтағы Жасұлан Қыдырбаев пен Алмас Өтешов шығады. Әлем чемпионатының ерлер арасындағы тартысты бәсекесін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы түнгі сағат 01:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Ал, қыздар арасындағы бәсекені түнгі сағат 03:30-да көрсетеді. Қыздар арасында ел намысын 69 келідегі Жазира Жаппарқұл мен Майя Манеза қорғайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасында қазірге дейін 1 алтын және 1 кіші күміс медаль бар. Алтын медалді кеше 77 келідегі Нижат Рахимов алса, кіші күміс медаль 56 келідегі Арли Чонтейге тиесілі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104834/)