![Ауа райы: Еліміздің басым аймағында жел күшейіп, көктайғақ болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55443.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атмосфералық ағындардың өтуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашынды, бұрқасынды ауа райы сақталады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың қалған аумағында күн ашық болады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай, күндіз Павлодар облыстарында жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.
Маңғыстау облысында тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Еліміздің басым аймағында жел күшейіп, көктайғақ болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104843/)