![«Сенбілік таң». Лондондағы қазақ жастары](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55472.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа қалалары бойынша көлемі жағынан екінші орында тұрған Лондонның көркі ерекше көз тартады. Тұрғын үйлерінің басым бөлігі XX ғасырдың I жартысында, 15 пайызы XIX ғасырда және одан ертеректе салынған.
Тұрғындар саны 9 миллионға жуық ірі мегаполисте қазақ жастары да тұрып жатыр.
Лондондағы қазақ студенттері қалай тұрады? Ол жақтағы білім жүйесі қандай? қазақ жастары ұлттық салт-дәстүрді сақтана ма? Немен тамақтанады?
Осы және өзге де сұрақтар мазалаған болса, «Болашақ» стипендиясының иегерлерімен болған сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Сенбілік таң». Лондондағы қазақ жастары&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104869/)