![Владимир Кличко Тайсон Фьюриден ұпай санымен ұтылып қалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55485.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Британдық боксшы Тайсон Фьюри украиндық боксшы Владимир Кличконы ұпай санымен жеңіп, IBF, IBO, WBO және WBA нұсқалары бойынша Әлем чемпионы атанды.
Сенбі күні Дюссельдорфта өткен жекпе-жекте 12 раундтың қорытындысы бойынша британдықтың жеңіске жетті.Төрешілер жазбаларының есебі: 115-112, 115-112, 116-111.
39 жастағы Кличко мен 27 жастағы Фьюридің жекпе-жегі 24 қазанда Дюссельдорфта өтуі тиіс еді, алайда, украиндық боксшының жарақат алуына байланысты ұрыс кейінге қалдырылған болатын.
Кіші Кличконың есебінде 68 ұрыстан 64 жеңіс (53-і - нокаутпен), ал Фьюридің есебінде 25 жекпе-жек 25 жеңіс (18 нокаутпен) бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Владимир Кличко Тайсон Фьюриден ұпай санымен ұтылып қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104894/)