![Алмат Кебіспаев Бакуде өткен «Алтын Гран-при» турнирінің чемпионы атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55492.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Грек-рим күресінен 59 келіге дейінгі Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Алмат Кебіспаев Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен грек-рим күресінен «Алтын Гран-При» турнирінде чемпион атанды. Ол финалда Әлем чемпионатының жүлдегері өзбекстандық палуан Елмұрат Тасмұратовты ұтып, чемпион атанды.
Ал, 130 келіге дейінгі салмақтағы палуанымыз Нұрмұхамбет Тінәлиев жергілікті спортшы Сабах Сарьятиден 3:7 есебімен ұтылып, күміс жүлдегер атанды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алмат Кебіспаев Бакуде өткен «Алтын Гран-при» турнирінің чемпионы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104906/)