![Қайрат Нұртас Қазақ радиосының тыңдармандарымен әңгімелесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55502.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тікелей эфирдегі қысқа кездесуде Қайрат Қазақ радиосының тындармандарымен әңгімелесіп, шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті.
Әңгіме барысында Қайрат Нұртас орындауында 300-ден астам әні бар екенін айтып, сол әндер жинағын Қазақ радиосының музыкалық бағдарламалар редакциясына тапсыруға уәде берді.
Сондай-ақ, әнші 12 желтоқсанда «Астана-Арена» стадионында өтетін жеке шығармашылық кешіне дайындық барысы туралы баяндады.
Ал, Қазақ радиосының тұрақты тыңдарманы Атырау облысының тұрғыны Дүйсенәлі аға ең жақсы қойылған сұрағы үшін, Қайраттың концертіне 2 билет ұтып алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қайрат Нұртас Қазақ радиосының тыңдармандарымен әңгімелесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104914/)