![Ауа райы: Қыстың алғашқы күндері жылы болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55505.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қыстың алғашқы күндері басталды, алайда, күздің жылымығы әлі де болса қайта қойған жоқ.
Осыған қарай демалыс күндерінде де Қазақстан аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 3-8 градусқа жылы болды. Тіпті, елдің солтүстік және шығыс бөліктерінде температура қалыпты нормадан 9-13 градус деңгейінде жылы болды.
Енді, елдің басым бөлігіндегі ауа температурасына ықпал ететін антициклон алдағы 3 тәулікте бірте-бірте шығысқа қарай ауыса бастайды. Повольже аймағы мен Каспийдің оңтүстігінен атмосфералық ағымдармен бірге циклондар жылжиды.
Олар жауын-шашын мен қардың жаууына ықпал етеді. Алдымен республиканың батыс өңірлерінде, кейіннен оңтүстік аймақтарында кейінірек орталық және солтүстік аймақтарында көктайғақ болады.
Ауа температурасы аздап төмендеп, соған қарамастан нормадан 2-7 градус жоғары болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Қыстың алғашқы күндері жылы болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104919/)