![Том Леффлер: 2016 жылы Г.Головкин мен Р.Гонсалес шаршы алаңға бірге шығады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55509.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кәсіпқой бокс бойынша орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымының чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы никарагуалық Роман Гонсалес (44-0, 38 КО) келер жылы кем дегенде бір рет бір шоу аясында шаршы алаңға шығуы мүмкін.
«Геннадий Головкин мен Роман Гонсалесті біріктірсек, сәтті комбинация болады, деп ойлаймын. 2016 жылғы алғашқы жекпе-жегімізде осыны жасауға тырысамыз», - дейді Том Леффлер.
Еске сала кетейік, бұрын Роман Гонсалес Геннадий Головкин – кіші Вилли Монро және Геннадий Головкин - Давид Лемье бокс шоуларында шаршы алаңға шыққан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Том Леффлер: 2016 жылы Г.Головкин мен Р.Гонсалес шаршы алаңға бірге шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104925/)