![Бүлдіршіндер «Балапан» телеарнасында қонақта болды (ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55549.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Балапан» телеарнасының көрермендері сүйікті арналарында қонақта болды. Телеарна ұжымы 4-10 жас аралығындағы балалар арасында фокус-группа әдісін ұйымдастырды.
Кішкентай көрермендер сүйікті арнасындағы бағдарламалар мен мультхикаялар туралы әңгімелеп, ойларын, ұсыныс-тілектерін білдірді.
Айта кетейік, «Балапан» телеарнасы бағдарлама сапасы мен сұранысын анықтау, балалардың ой-пікірін білу мақсатында жылына екі рет фокус-группа өткізіп отырады. Сондай-ақ, телеарна 10 мыңнан астам көрермен арасында сауалнама жүргізді.
Ұйымдастырылған шаралардың нәтижесі алдағы жылы жарық көретін бағдарламалардың жанрын анықтауға негіз болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүлдіршіндер «Балапан» телеарнасында қонақта болды (ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104963/)