![Нұрлан Әбдірахман 44 жыл бойы саз аспаптарын жасаумен айналысып келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55561.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Нұрлан Әбдірахман сапалы саз аспаптарын жасаумен айналысады. Ол 44 жыл бойы қолөнердің қыр-сырын игеріп, бүгінде білген-түйгенін балаларына үйретіп жүр. Шебер осы саланы толық меңгеруі үшін «Отырар сазы», «Құрманғазы» оркестрлерінде жұмыс істеді.
«Шама келгенше аспапты музыкадан хабары бар адамдар жасағаны абзал. Бұрынғы заманда да біздің сал-серілеріміз аспаптарын өздері жасаған ғой. Бойына, ыңғайына, саусағына, дыбыс шығару жүйесіне сай икемдеп. Шебердің музыкалық білімі болғаны жақсы»,-дейді қолөнер шебері.
Дәл қазір Нұрлан Әбдірахман аса күрделі аспаптың бірі жетігеннің құлақ күйін келтіруде. Оның дыбысын реттеуге біраз уақыт кетеді. Өйткені, бүл – жетігеннің жетілген түрі. Қыл ішектің орнын темір ішек, асықтың орнын ағаш тиек басқан.
«Жетігенді қызыл ағаштан, өрнектеп отырып жасадым. Бір жаңалығы – ыңғайға қарай дыбысты өзгертуге болады. Себебі, аспапта ойнап отырған кезде құлақты бұрауға уақыт жетпей жатады. Сол сәтте мына тиектермен жарты тон, бір тон өзгертуге мүмкіндік бар»,-дейді Нұрлан Әбдірахман.
Толығырақ – «Таңшолпанда».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрлан Әбдірахман 44 жыл бойы саз аспаптарын жасаумен айналысып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104971/)