![Оңтүстік Қазақстан облысында 150 мыңнан астам батыр ана бар](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55566.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оның ішінде 26 мыңнан астамы «Алтын алқа» иегері болса, 32 мың ана «Күміс алқа» алған. Ал, 7 мың 200 әйел бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері атанса, 6 мың 700-ге жуығы батыр аналарымыз.
Сондай-ақ, 78 мың ана 4 жастан 18-ге дейінгі бала тәрбиелеп отыр. Өмірге ұрпақ әкеліп, тіршілікке тірек болған қажыр-қайратты аналарды сауықтыру жағдайы толық шешілген.
«Жыл сайын 8 мыңға жуық жекелеген санаттағы азаматтар демалып, емделеді. Айталық, жыл басынан бері 700-ден астам ана Ардагерлер үйінде, 720 Батыр аналар мен «Алтын алқа» аналар иегерлері «Мейір» ардагерлер үйінде емделген»,-деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 66 мың 190 нәресте дүние есігін ашқан. Оның 654-і егіз болса, 10-ы үшем.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Қазақстан облысында 150 мыңнан астам батыр ана бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104976/)