![Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-да болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55587.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атап айтқанда, Қазақстан Президентіне Астананың маңызды коммерциялық, мәдени-сауық нысандары мен тұрғын үйлер құрылысының барысы, инфрақұрылымды жаңғырту және көлік саласындағы міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұмыстары туралы айтылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы архитектуралық-көркемдік ұйымдастыру жұмыстарымен және қала құрылысына қатысты шешімдермен танысты.
Бұдан бөлек, елорда әкімі Ә.Жақсыбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Астана белгісі» архитектуралық мүсіндік композициясының үздік эскиз-идеясына жарияланған республикалық конкурс жобаларын таныстырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-да болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/104992/)