![Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55634.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
8-10 желтоқсан аралығында еліміздің бірқатар аймақтарында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
5 желтоқсанда Исландияда қалыптасқан күшті циклон Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік аудандарына жетті және шығысқа қарай жылжуда. 8 желтоқсанда ол өзінің әсерімен Батыс Сібірді және Қазақстанды қамтитын болады. Осы циклон ықпалымен солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады, боран соғады, батыстан 18-25, кей жерлерде екпіні 28 м/с дейін жететін жел соғады.
Республиканың батысында және оңтүстігінде циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, жабысқақ қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Мұнда кей жерлерде жел 15-23 м/с дейін күшейеді, Жамбыл облысында 25-28 м/с дейін жел соғады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105048/)