Павлодарлық студенттер қымыздан балмұздақ дайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық студенттер қымыздан балмұздақ дайындады

08.12.2015
Павлодарлық студенттер қымыздан балмұздақ дайындады

Жоба авторларының бірі Асхат Айтжановтың айтуынша, бұл идея бір ай бұрын туындап, аз уақыт ішінде қолға алынған. Қазірде тәтті тағамның екі түрі дайындалған: бірі - қышқылдау болса, екіншісі - тәтті.

«Біз әуелі шипалы сусыннан жасалған балмұздақты балалар мен ересек адамдарға ұсындық. Ерекше тағам дәм татқандардың көңілінен шыққан соң, білім ордасы басшылығына ресми хат жаздық. Бұл ұсынысымыз бірден қолдау тапты. Көп ұзамай университетіміздегі «Enactus» ұйымымен тығыз байланыс орнатып, жобамызды республикалық форумда қорғауға жолдама алдық. Нәтижесінде жобамыз көпшіліктің көңілінен шықты», - деді А. Айтжанов.

Павлодар Мемлекеттік университетінде өткен форумда республиканың түкпір-түкпірінен 160-тан астам жас ғалым қатысқан.

 

Рavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу