![Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздің көлік саласының әлеуетін дамыту мәселесі талқыланады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55644.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жиын 2015 жылдың 9 желтоқсанына жоспарланған. Шараны елордадағы Бейжің сарайында Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, «Темір жол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырады.
Конференцияны ұйымдастырудағы мақсат – Қазақстан арқылы өтетін транзиттік-көлік ағынын арттырудың тиімді құралы ретінде заманға сай логистикалық технологияларды қолданудағы кедергілерді анықтау, ғылыми-тәжірибелік қызметте тәжірибе алмасу, ТМД мен шет мемлекеттердің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының арасындағы байланыстарды нығайту.
Осыған қарай, конференцияға еліміз бен ТМД мемлекеттерінің көлік саласындағы мемлекеттік құрылымдарының, ғылыми-зерттеу және ғылыми-жобалау институттарының өкілдері қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, жиынға халықаралық тәуелсіз сарапшылар да қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздің көлік саласының әлеуетін дамыту мәселесі талқыланады &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105057/)