![Чемпиондар Лигасы: «Галатасарай»-«Астана» ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55664.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Астана» футбол клубы бүгін Стамбулда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңдегі соңғы турында жергілікті «Галатасарай» футбол клубымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті.
Матчтың 62 минутында «Астаналық» футболшы Твумаси гол салса, араға 2 минут салып «Галатасарай» капитаны Сельчук Инан есепті теңестірді.
Қорытындысында, «Галатсарай» Еуропа Лигасына жолдама алса, «Астана» футбол клубы тең ойын көрсеткені үшін 500 мың евро алып, Чемпиондар лигасындағы мауысымын аяқтады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чемпиондар Лигасы: «Галатасарай»-«Астана» ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105077/)