![Қызылорда облысында қазақ күресінен Мұстафа Шоқай атындағы турнир өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55699.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
14-15 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Мұстафа Шоқай атындағы қазақ күресінен 1996-1997 жылғы жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтізіледі. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл 10-шы мәре ұйымдастырылатын турнирге Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 12 команда қатысады.
Жарыс соңында «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылады. Жүлде қоры: 1-орынға - жеңіл автокөлік. 2, 3-орындарға ақшалай сыйақы беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында қазақ күресінен Мұстафа Шоқай атындағы турнир өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105112/)