![Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55717.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, тек республиканың батысында күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖК баспасөз қызметінен.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.
Қарағанды облысында жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады. Жамбыл облысында тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында тұман, көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105120/)