![Қайрат Нұртастың концертін тікелей эфирде көріңіз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_55743.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін елордадағы «Астана-Арена» стадионында еліміздің жарық жұлдыздарының бірі Қайрат Нұртастың сахнадағы 10 жылдығына арналған «Мен ғашықпын...» атты шоу-концерті өтеді.
Кештің негізгі қоюшы-режиссері Григорий Скоморовскийдің айтуынша, шоуда тек кәсіби хореографтар емес, каскадер, білікті акробаттар, цирк әртістері өнер көрсетеді.
Айта кету керек, 8 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында әншінің «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өткен болатын.
Кеш қонақтары – Индира Елемес және ресейлік танымал әртістер Тимати мен Нюша.
Концертті Ұлттық арнадан тікелей эфирде сағат 19:30-да тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қайрат Нұртастың концертін тікелей эфирде көріңіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/105150/)